Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты

Оған Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру” және 194-бабы "Аса ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау” бойынша айып тағылып отыр.

Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты
скриншот
738

Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Айыпталушылар қатарында жүргізушісі Мәди Батыршаев та бар. Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Ал айыпталушылар Астананың тергеу изоляторында отыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оған Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру” және 194-бабы "Аса ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау” бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап ерекше ауыр деп танылады және ол бойынша айыпталушы алқабилердің қатысуымен істі қарауды талап етуге құқылы.

"Бұл жағдайда мен сіздің ұстанымыңызды білуім керек. Істі судья немесе алқабилер қарауын қалайсыз ба?" – деп сұрады судья Гүлмира Сатыбалдыдан.

“Мен сізге сенемін”, – деп жауап берді айыпталушы. 

Қорғаушы тарап қылмыстық істі қысқартуды сұрады. Өйткені адвокаттардың айтуынша, тергеу сотталушының әрекетін "Бопсалау" бабы бойынша заңсыз саралаған. Қорғаушы тарап Сатыбалданың әрекетінде ешқандай пайдакүнемдік мақсат болмаған деп есептейді. Ол өз компаниясынан ұрланған қаражатты қайтарғысы келген.

Қорғаушы тарап сотты жабық есік жағдайында өткізуді және айыпталушылардың фотоларын пайдалануға тыйым салуды да сұрады.

Серіктес жаңалықтары