«Қайрат Нұртастың әндерін ешқашан тыңдаған емеспін»: Қарағанды әкімі аялдамада ілініп тұрған жарнамаларға шүйлікті (ВИДЕО)

Мейрам Қожықов көше жарнамаларын жөнімен ілуге шақырды.

«Қайрат Нұртастың әндерін ешқашан тыңдаған емеспін»: Қарағанды әкімі аялдамада ілініп тұрған жарнамаларға шүйлікті (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот
710

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов автобус аялдамасына жабыстырылған танымал әншінің жарнама парағына қатысты ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өзіңіз елестетіп көріңізші... Сіз тұрып жатқан үйдің терезесіне біреу хабарландыру қағазын желімдеп кетсе, сіз оны алып тастайсыз, тазалайсыз, жуасыз, бірақ келесі күні тағы іліп кетеді. Ондай желімді ештеңемен жуып кетіре алмайсыз. Бұл ашуыңызға тие ме? Аялдамаларға жабыстырып кеткен қағаздар да тура солай менің ашуыма тиеді», - деп жазды  қала әкімі.

Сондай-ақ ол әр аялдамада жапсырылған жарнама қағаздары қаланың көркін бұзатынын айтты.

«Мен Қайрат Нұртастың әндерін ешқашан тыңдаған емеспін. Соған қарамастан оның аты аталған жарнама парақтары жөнсіз ілінгенін көріп, оған деген көзқарасым басқаша қалыптасуы мүмкін ғой. Сондықтан белгілі азаматтардың кескін-келбеті көрінген жерге ілінбеуі керек. Жарнаманы да жөнімен ілген жөн», - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары