«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы ауысты

.Мағзұм Мырзағалиевтің орнына Асхат Хасенов тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы ауысты
kmg.kz
785

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеттіОның орнына Асхат Хасенов тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың 14 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. 

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Серіктес жаңалықтары