Шымкенттегі мектептен өрт шықты

Барлық оқушы мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Шымкенттегі мектептен өрт шықты
ТЖМ

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданында екі қабатты орта мектеп ғимаратының шатыры жанды.

Барлық оқушы мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.