Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Аян Бейсекин техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Фото: 24.kz
800

Қаладағы коммуналдық желілердің 90 пайыздан астамы тозып тұр. Әсіресе кәріз жүйесіндегі коллекторды жедел жөндеу қажет.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

«Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Салханов техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы болып тағайындалып, оған төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген әкім қаулысында.

Бұған дейін облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзда болып, жөндеуді қажет етіп тұрған кәріз коллекторының жағдайымен танысқан. Желінің 90 пайыздан астамы, яғни 2 260 метрі апаттық жағдайда жағдайда тұр. Құбырдың жоғары қабаттары жарылып, үгіліп түсіп жатқаны себепті желінің өткізгіштік қабілеті төмендеген әрі апаттық жағдайлар жиі тіркелуде.

Қала басшылығы осыған байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды.

Серіктес жаңалықтары