Құтқарушылар Махамбет ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Талдыкөл ауылындағы тұрғындар ерікті түрде көшіріліп жатыр. Тұрғындарды эвакуациялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орны бар 2 ГАЗель автокөлігі мен 30 қызметкер тартылған.
Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.