Америкалық басылым Ақтауды туристік тартымдылығы жоғары қалалардың қатарына қосты

Америкалық басылым Ақтауды туристік тартымдылығы жоғары қалалардың қатарына қосты

Америкалық басылым Ақтауды туристік тартымдылығы жоғары қалалардың қатарына қосты
ашық дереккөзі
Америкалық «The Huffington Post» басылымы Ақтау қаласын туристер үшін ең қызықты қалалардың қатарына қосты. Бұл туралы  tumba.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Америкалық басылым Қазақстандағы Ақтау, Алматы және Астана қалалары туристер үшін ең қызықты қалалар болып табылатындығын жазған. Басылымда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, туристер бұл қалаларды әдетте өздерінің назарларына көп ала бермейді. Материалда жарияланған мәліметтерге қарағанда, Ақтау Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мұнай өнеркәсібі орталығы болуымен тартымды. Сонымен қатар аталмыш қала жергілікті тұрғындар үшін суға түсіп, шомылуға ең ыңғайлы аймақтардың бірі.Ақтау бұған дейін дағыстандық кәсіпкерлер дайындаған Махачкала - Дербент - Баку - Энзели - Түркменбасы - Ақтау - Астрахань - Махачкала бағыты бойынша өтетін «Каспий - достық теңізі» атты 9 күндік саяхаттың жобасына енгізілген болатын. Бұған қоса хабарламада Алматының туристер үшін киім-кешек базарларымен, сауда орталықтарымен, әдемі мейрамханаларымен және архитектуралық нысандарының көптігімен тартымды екендігі айтылған. Ал Астана туристерді өзінің ерекше әсем архитектуралық көркімен еріксіз тарта түсетіні жазылған.