400 млн теңге мен алтын құймаларды заңсыз алып кетпек болған
433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3 000 грамм коллекциялық монеталарды заңсыз алып кетпек болған.
2024 жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 миллион теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін құрықтады.
Мәселен, жыл басында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Астана – Ыстамбұл» халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан Республикасының азаматы 74 миллион теңгеден астам құнды шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған.
Бұл ретте Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті тіркелді. Бұларға 664 560 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3 000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз алып кетпек болған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің Ұлттық банкі шығарған, Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын және алтын құймаларын, инвестициялық монеталарды және т.б. әкетуге тыйым салынғанын.
Жоғарыда аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын.