6,5 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Ол 189 рет жол ережесін бұзған

6,5 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
polisia.kz
798

Алматы полициясы 6,5 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған шетелдік азаматты ұстады. Ол 189 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігін тоқтатты, дейді polisia.kz.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұлдар. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. 

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары