Қостанай облысында полиция қызметкерін өз ауласында өлтіріп кеткен

Сотқа дейінгі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында

Қостанай облысында полиция қызметкерін өз ауласында өлтіріп кеткен
Sputnik / Ксения Воронина

Қостанай облысында полицей қаза тапты. Ер адамның денесі өз үйінің ауласынан табылды, деп жазады turkystan.kz.

10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылындағы үйдің ауласынан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм криминалист болып қызмет атқарған. Ол жыл сайынғы еңбек демалысында болған.

Аса ауыр қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыскерді ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында.