1420
Су тасқыны: зардап шеккен 55 мыңға жуық адам үйіне оралды
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түскен
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 55 мыңға жуық адам үйіне оралды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша 54 389 адам өз үйлеріне оралды. 5281 адам, оның ішінде 2242 бала эвакуациялау пункттерінде.
5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.