«Сасып қалдым»: Асаба жігіт тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызынан бата сұрады

Тойда тығырыққа тірелген Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Сасып қалдым»: Асаба жігіт тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызынан бата сұрады
Сурет: azattyq-ruhy.kz
1544

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз ұзатуда болған оқиға жайлы айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

«Сасып қалдым... Түсірілімдерімнің бәрін бітірген соң, түнделетіп тойға бардым. Өзім сыйлайтын Гүлмира Ілесбай қызын ұзатты. Кешіксем де, бастысы шын көңіл, таза ниет пен сыйлайтын сыйлығым бар ғой деп ойлағандым... Тура қызды ұзатарда тамада жігіт «бата беріңіз» демесі бар ма? Әлгі жерде ондайды күтпегендіктен не істерімді білмей састым да қалдым?￰ Сөйтіп, немере-шөбере көрген, үйдің үлкені Балапан апаға микрофон ұсынып, сол кісіден бата сұрадық?￰ «Қызды ұзатарда қандай бата береді, менің бата бергенім қаншалықты орынды?» деп қысылғаным өтірік емес?￰ Сөйтіп Румейса қызымызды күйеу баламыз Ратбекке аманаттадық?￰ Жастар бақытты болсын!», - деді Л.Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары