1061
«Нағыз қазақ осы, міне, танып қой»: Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын тәнті етті
Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі.
Дарынды жас домбырашылар Атырау-Астана бағытындағы №47 пойызда жанды дауыспен өлең орындап, нағыз концерт ұйымдастырды, деп хабарлады turkystan.kz.
El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, ақын Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған «Нағыз қазақ осы міне таңып қой» әнін шырқаған балалар жолаушылардың патриоттық сезімін оятып, ерекше атмосфера сыйлады.
Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі.
Белгілі болғандай, мереке күндері балалар Астана қаласына музыкалық жарысқа қатысуға жолға шыққан.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі жол жүріп, музыкалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, жолаушыларды өздерінің ерекше өнерлерімен тәнті етеді.