Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Ақорда
806

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары