Apple жаңа iPad-ты таныстырды: Өнімнің қандай ерекшелігі бар?

Өнімнің 11 дюйм болатын моделі 999 доллардан басталады, ал 13 дюймдік модельдің бағасы 1 299 доллардан басталады.

Apple жаңа iPad-ты таныстырды: Өнімнің қандай ерекшелігі бар?
сурет: hi-tech.mail.ru
1543

Apple өзінің ең жіңішке өнімі – жаңа iPad-ты таныстырды. Оның корпусы – небәрі 5,1 мм.

Apple Ultra Retina XDR OLED дисплейімен жабдықталған, Apple M4 бір чипті жүйесімен жаңартылған iPad Pro модельдерін таныстырды.

Жаңа iPad Pro-ның басты ерекшелігі – жіңішке корпусы мен 11 және 13 дюймдік экраны. 11 дюймдік модельдің жіңішкелігі – 5,3 мм, ал 13 дюймдік модельдікі – небәрі 5,1 мм. Apple бұл жаңа iPad Pro компания шығарған ең жіңішке өнім ететінін айтып өтті.

Жаңа iPad Pro-ның негізгі корпусындағы графит пен Apple логотипіндегі мыстың арқасында жылу конструкциясы жақсарған. Алдыңғы камерасы – 12 мегапиксель. Apple бейнеқоңырау сапасының жақсарғанын да айтты. Планшетте құжаттарды жақсы сканерлеуге арналған True Tone жарқылы да бар. Негізгі камерасы ProRes және SMART HDR 4 бейнежазуын оқиды.

Ultra Retina XDR OLED дисплейі қалыпты режимде 1000 нитке дейін, сондай-ақ HDR режимінде 1 600 нитке дейін жарқын, ашық көрсете алады. Дисплей қою қара түсті анығырақ көрсетеді және қозғалатын контентті дәлірек өңдейді.

Apple M4 бір чипті жүйесі 3 НМ екінші буын технологиясы арқылы жасалған және жаңа дисплей механизмімен жабдықталған, сонымен қатар Mesh Shading және аппараттық жеделдетілген сәулелік бақылауды оқи алады. Процессордың өнімділігі алдыңғы iPad Pro-дағы Apple M2-ге қарағанда 50%-ға жоғары, рендеринг өнімділігі 4 есе өскен.

IPad Pro корпусы 100% қайта өңделген алюминийден жасалған. Silver және Space Black түстері бар

Өнімнің 11 дюйм болатын моделі 999 доллардан басталады, ал 13 дюймдік модельдің бағасы 1 299 доллардан басталады. 

Серіктес жаңалықтары