Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады: Жұмыс беруші сотталды

Бірақ айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.

Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады: Жұмыс беруші сотталды
AFP 2024 / HECTOR RETAMAL
843

Астанада 9-шы қабаттан құлап қаза болған өнеркәсіптік альпинистер ісі бойынша жұмыс берушіге сот шешімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

 Еске салайық, былтыр 13-ші қазанда төрт өнеркәсіптік альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер олардың екеуінің өмірін сақтап қала алмады.

Кәсіпкер кабельдің техникалық жағдайы мен жарамдылығын тексермей, қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды. Төрт жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.

Серіктес жаңалықтары