Елімізде тағы бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Ауылда 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген.

Елімізде тағы бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты
turkystan.kz
1012

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген.

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Қуанышты жаңалық осы, алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты.

Polisia.kz сайтының дерегінше, бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, жиын өткізді. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың, құқық бұзушылықтың орболмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді.

Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген.

 

Серіктес жаңалықтары