Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджеті тексеріледі

Аудиторлық тексерудің қорытындысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджеті тексеріледі
yandex.kz
893

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді. Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Дәлірек айтсақ, палата бұл мектептің 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.

«Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды», - деп хабарлады бүгін, 4 мамыр күні палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Серіктес жаңалықтары