719
Моңғолияда 7 миллионнан астам ірі қара қырылып қалған
5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Моңғолияда барлығы 7,1 млн мал қырылып, 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген. 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген.
«Ақ және темір жұт (қысқы тақыршылық) кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жою және көму бойынша 15 сәуірде басталған жұмыстарға зоонозды жұқпаны зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ Моңғолияда малдың қырылуының ең жоғары көрсеткіші тіркелген аймақтардағы көшпелі малшылардың өздері тартылды», - делінген елдің Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша бас басқармасы таратқан ақпаратта.
Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай елдегі малдың жалпы саны 64,7 млн басты құрады.