«Қазақстан халқына» қорының қаржысына Ақмола облысында 87 үй салынады

Тұрғын үй құрылысына қатысты барлық материалдар қордың ресми сайтында "Су тасқыны-2024" бөлімінде жарияланады.

«Қазақстан халқына» қорының қаржысына Ақмола облысында 87 үй салынады
Akorda.kz
1150

"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап Ақмола облысының Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 үй салып береді.
Тұрғын үйлер Ақмола облысы әкімдігі ұсынған типтік жоба бойынша қордың қаржысына салынады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Меморандум барлық рәсімдердің ашықтығын және құрылыс жұмыстарының бүкіл көлемін құжаттамалық қамтамасыз етуді сақтай отырып, қысқа мерзімде қайырымдылық мақсатқа жету үшін бірлескен тәсілдерді, тараптардың жауапкершілігін және функцияларды бөлуді анықтайды.

"Президенттің бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоры халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Бірлескен жобамыз тиімді жүзеге асып, күзге дейін жүзге жуық отбасы қоныс тойын тойлайтынына сенімдімін", - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Серіктестіктің міндетті шарты кешенді сараптаманы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да рұқсат беретін құжаттаманы алу, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және зардап шеккен тұрғындармен жобаны келісу болып табылады.

"Біздің мақсатымыз – табиғи апаттан зардап шеккен өңірлердегі 500-ден астам отбасыны жайлы баспанамен қамтамасыз ету, бұл үшін қаражат пен қайырымдылықты жинау мамыр айының соңына дейін ұзартылды", - деді қор басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңқысбаева.

Жергілікті атқарушы органдар су басқан аймақтардағы залалды бағалауды және құрылысқа қажетті қорытындыларды дайындауды, оның ішінде болашақта су басу қаупі жоқ жерлерде жаңа үйлер үшін жер телімдерін бөлуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дайындауды қамтамасыз етеді.

Барлық кезеңдердің ашықтығы мен мониторингі үшін жұмыс тобының құрамына жергілікті атқарушы органдар мен тәуелсіз сарапшылық (бағалау) құрылымдарының өкілдерімен қатар қоғамдық ұйымдарды енгізу ұсынылды.

Тұрғын үй құрылысына қатысты барлық материалдар қордың ресми сайтында "Су тасқыны-2024" бөлімінде жарияланады.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен тұрғын үйлер салу туралы меморандумдарға қол қойған болатын, су тасқынынан зардап шеккен басқа облыстардың әкімдіктерімен де осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр.

8 сәуірде қордың Қамқоршылық кеңесі төтенше жағдайдың салдарын жоюға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекітті. Сонымен қатар, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы барлық түскен қаражат осы мақсаттарға жұмсалатын болады.

Серіктес жаңалықтары