Түркістан облысында тауға шыққан туристер төмен түсе алмай қалған (ВИДЕО)

Құтқарушылар туристерге көмекке келді.

Түркістан облысында тауға шыққан туристер төмен түсе алмай қалған (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бүгін Түркістан облысының Қасқасу ауылында екі ер адам мен әйел теңіз деңгейінен 2800 км биіктікке көтеріліп, өз бетінше түсе алмай қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Құтқарушылар оларға жедел көмекке келіп, шыңға көтеріліп, туристерге түсуге көмектесткен. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керегін еске салады.