Арасында рекордсмен бар: «Барыс» сапынан бес бірдей хоккейші кетті

Энтони Камара бірнеше ойын қатарынан соққан шайбалар саны бойынша жаңа рекорд орнатқан.

Арасында рекордсмен бар: «Барыс» сапынан бес бірдей хоккейші кетті
hcbarys.kz

«Барыс» баспасөз қызметінің хабарлауыша, клуб сапынан Егор Шалапов, Дмитрий Гурков, Джозеф ЛаБейт, Энтони Камара және Рудольф Червени кетті.

Егор Шалапов «Барыс» құрамында сегіз маусым бойы ойнаған. Ол ҚХЛ-де негізгі команда сапында жалпы саны 329 кездесу өткізіп, 34 (4+30) ұпай еншіледі.

Ал Дмитрий Гурков «Барыс» сапында тоғыз маусым ойнаған. Ол ҚХЛ-де 209 кездесу өткізіп, 26 (6+20) ұпай жинаған.

Джозеф ЛаБейт, Рудольф Червени мен Энтони Камара клуб құрамында 2023/24 жылғы маусымда ойнады. Энтони Камара бірнеше ойын қатарынан соққан шайбалар саны бойынша жаңа рекорд орнатып, оның жетістігі «Барыс» рекордтар кітабына жазылды.