55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды: Құлсарыда санитарлық тазарту жұмыстары басталды

Құлсарының 3 600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды.

55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды: Құлсарыда санитарлық тазарту жұмыстары басталды
cntv.kz
613

Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды. Бүгінде 2 564 үйден су кетті. Сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады, деп хабарлайды turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3 600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды», – деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

 

Серіктес жаңалықтары