Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды

Пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенген.

Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды
ТМЖ

Өскеменде пәтердегі өрт кезінде құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады , деп хабарлады turkystan.kz.

Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенген.

"Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала.Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.