938
Жеңіс күніне арналған шеру бір қалада ғана өтетін болды
Шеруді Ресей Федерациясы қаржыландырады.
Байқоңырда 9 мамырда «Жеңіс парады» өтеді.
Қала әкімшілігі 9 мамыр күні Ленин алаңында «Жеңіс парады» өтетінін, мерекелік концерттен басталатынын хабарлаған.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты елімізде әскери шеру өтпейтінін мәлімдеген. Қазақстанда 9 мамырға арналған мерекелік шерулерді өткізу пандемиядан кейін тоқтап қалған болатын.
Айта кетсек, Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген қала. Ол тарап Қазақстанға жылына 115 млн АҚШ долларын төлейді.