Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді?

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді?
tengrinews.kz

Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мамыр айында қазақстандықтар мына күндері демалады: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

«ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді. Себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді», - делінген хабарламада.

4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Ал 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады. 10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді», - делінген хабарламада.