Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.
Орал қаласында полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ұстады.
Ер адам 25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салсақ, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.