Бес кітаптың таныстырылымы өтті

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ғалым, академик Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте фило­софия­сы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітап­тарының таныстырылымы өтті.

Бес кітаптың таныстырылымы өтті
сурет: turkystan.kz
1127

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ғалым, академик Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте фило­софия­сы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітап­тарының таныстырылымы өтті. Жиынды академик Дихан Қамзабекұлы жүр­гізді.

Алғашқы болып сөз алған Сенат төра­ғасы Мәулен Әшімбаев бұл жиынның ұлт ру­ханияты үшін үлкен мәні бар оқиға еке­нін атап өтті. Ол өткен аптада ғана 50 жасқа толған Дархан Қуандықұлының ай­тулы белесті зор табыспен бағындырып отыр­ғанын айтты. Оның ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтер атқарып, Қа­зақ­стан­ның өркендеуіне үлес қосқан мем­ле­кет­шіл тұлға екеніне тоқталды. «Дархан Қуан­дықұлы қандай қызметте, қандай лауа­зымда болса да қолынан қаламын тас­таған жоқ. Бүгін көпшілікке таныстырылып отыр­ған кітаптар соның дәлелі» – деген Мәу­лен Сағатханұлы ұлт тарихындағы бір­туар тұлға Мұстафа Шоқайдың мұрасын дә­ріптеу азаматтық борышымыз екенін ай­та келіп, кеш иесінің «Мұстафа» атты кіта­бына жоғары баға берді. «Мұстафа Шо­қай кім деген сұраққа толық жауап беретін кі­тап», – деді ол. Қалған төрт кітапқа да ке­зек-кезек тоқталып, олардың қазақ қана емес, күллі түркі жұртының ортақ қазы­на­сына айналатынына сенім білдірді. 
«Мәулен Сағатханұлының Дархан ту­ралы айтқанына толық қосыламын. Тек «Та­мыр» туралы кішкене пікір қосқым ке­леді. Бұл – Дархан Қыдырәлінің 2014-2022 жылдары Түркі академиясын басқарған жыл­дарында жазған отыз шақты мақа­ла­сы­ның негізінде шыққан кітап. Лев Гуми­лев­тің: «Біздің атамыз – Ұлы Түрік қаға­на­ты, әкеміз – Шыңғыс хан, анамыз – Алтын орда» деген пікірі бар. Бірақ бәрі бірдей олай ойлаған жоқ. Керісінше, бізге сол та­рих­ты ұмыттыруға ұмтылды. Дарханның кі­табының құндылығы сонда – ол ғұн, сақ, скиф дәуіріндегі ұлы мемлекеттердің та­ри­хына шолу жасап, тамырымызға үңіледі. «Тамыр» – атына заты сай кітап. Жалпы, Дар­хан басқарған жылдарда Түрік акаде­мия­сы көп шаруа тындырғанын атап өткен жөн», – деді белгілі қоғам қайраткері Әділ Ахме­тов. 
Классик жазушы Төлен Әбдік кеш ие­сімен Президент Әкімшілігінде бірге жұ­мыс істегенін, оның сол кезде-ақ Мұстафа Шоқай идеясына адал болғанын әңгімеледі. Билікте Дархан секілді тарихты білетін, тұл­ғаларды танитын азаматтардың бар екеніне шүкіршілігін жеткізді. 
Белгілі қоғам қайраткері Қуаныш Сұл­танов Мұстафа Шоқайдың тарихи бол­мы­сына тоқтала келіп: «Кітаптың алғысөзінде Әкім Тарази Дарханның еңбекқорлығына тәнті болып, бірқатар елдің архивін сүзіп шыққан тиянақтылығына жоғары баға бе­ріпті. Мен соған қосыламын», – деді.
 Белгілі ғалым, журналист Бауыржан Омар­ұлы кеш иесін 5 кітабының шығуымен құт­тықтай келіп:  «Қазақ ұғымында қастер­лі саналатын бес қару, бес парыз, бес асыл секілді елге пайдалы құндылыққа айнал­сын! Дихан Қамзабекұлының Мәшһүр Жү­сіптен тамыр тарта отырып, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның қалың кітабына «Әлиханның мес кітабы» деп баға бергенін білесіздер. Сол секілді Дарханның бес кіта­бы да Мәшһүрдің мес кітабы сияқты қадір­лі болсын!», – деп тілек айтты.  
Жазушы Роза Мұқанова Әкім Таразидің Дар­хан Қыдырәлінің шығармашылығын жоғары бағалайтынын айтып, әдебиет ақсақалының сәлемін жеткізді. Кітаптар туралы өз байламын айтты. 
«Атамұра» баспасының директоры Ра­хым­ғали Құл-Мұхаммедте жүрекжарды ті­­­­ле­гін жеткізді. 
Жиын соңында кеш иесі бес кітаптың қолға қалам ұстаған жиырма бес жылда жазған дүниелердің жүйеленген жиынтық жемісі іспетті екенін айтып, жиналғандарға алғысын айтты. 

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ  
 

Серіктес жаңалықтары