Әнші Индира Расылхан продюсерлерге ренішін білдірді

Индира Расылхан қазіргі заманның сұранысқа ие мамандарына жалынып шаршағанын айтты.

Әнші Индира Расылхан продюсерлерге ренішін білдірді
Индира Расылхан. Фото: smartnews.kz

Жуырда сахнаға оралған танымал әнші Индира Расылхан желіде жазба жариялап, өкпесін айтты. Бүгінде әншілік пен блогерлікті қатар алып жүрген өнер иесі сапалы видео контент жасай алмай жүргеніне күйінді.

Индира Расылхан қазіргі заманның сұранысқа ие мамандарына жалынып шаршағанын айтып, оқырмандарына үндеу жасады.

«Мобилографқа бір жалынып, SMM мамандарына бір жалынып, продюсерлерге бір жалынып шаршадым. Өзімді өзім видоға түсіремін. Болды. Видеоларым нашарлау сапада болса мені түсінесіздер деп сенеміз», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.