Екібастұзда ешкім тұрмайтын үй өртенді

Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады.

Екібастұзда ешкім тұрмайтын үй өртенді
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 14:04-те Екібастұз қаласындағы 208 квартал көшесінде болып жатқан өрт туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ешкім тұрмайтын шпалды үйдің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіруге кірісті. Сөндіруге екі РСК-50 оқпаны берілді", – деді 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Азаматтық қорғау лейтенанты Мейірхан Балтабеков.

Өрт сағат 14:40-та сөндірілді. Өртенген үй жабдықтары толықтай тексерілді.

Өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.