Бельгиялық Жәнібекті саудалаған әйел анықталды

Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты.

Бельгиялық Жәнібекті саудалаған әйел анықталды
instagram/muratsaveliev

 

Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйелдің кім екені биылғы қаңтар айында анықталған. Дегенмен қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, оның жеке басына қатысты мәлімет жарияланбай келген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Біз оны Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Бұл жайлы қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы боп істеген»,- деді Қымбат Досжан.