Ұлтаралық араздықты қоздырған Алматы облысының тұрғыны сотталды

Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған.

Ұлтаралық араздықты қоздырған Алматы облысының тұрғыны сотталды
Mir24.tv / Алан Кациев
1357

Алматы облысы Ұйғыр ауданының аудандық сотында азаматша М.-ға қатысты ұлттық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы соттарының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлады.
 

«2023 жылдың 6 қарашасында сағат 19:00 шамасында М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны «What'sApp» мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген», - делінген хабарламада.

Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған.
 
Прокурор М.-ға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. М. кінәсін мойындады, шын ниетпен өкініп, соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

 
«Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған, атап айтқанда: сотталушының айғақтарымен, куәгерлердің жауаптарымен, заттарды тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындысымен және басқа да объективті дәлелдемелермен өз дәлелін тапқан», - делінген хабарламада.

 
ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
 

«Сот жеңілдететін жағдайды - шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады. Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды және оған ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары