Қазақстанда жаңа жол белгілері бекітілді
Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген.
Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан стандарттау және метрология институтына сілтеме жасап.
Биыл 1 мамырда ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі жаңалықтардан:
1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.
2. Жаңа жол белгілерін енгізу:
- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;
-«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;
- «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;
- «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».
«Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсетті», - делінген хабарламада.