«Ұлыңыз бірдеңе бүлдірді»: Көріпкел Бишімбаев хабарласқан соң оның анасына ескерткенін айтты

Ол хабарласып, мән-жайды айтқанда анасының жылап жібергенін мәлім етті.

«Ұлыңыз бірдеңе бүлдірді»: Көріпкел Бишімбаев хабарласқан соң оның анасына ескерткенін айтты
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
2136

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сот отырысында айыпталушы үнемі жүгінетін көріпкелден жауап алынды. Оқиға болған күні Бишімбаев оған хабарласып, Салтанаттың жағдайын біліп беруді сұраған.

Жәбірленуші тараптың адвокаты көріпкелден оқиға болған күні «Бишімбаевтың анасына хабарласып, Салтанат Нүкеноваға медициналық көмек керегін мәлім еттіңіз бе?» деп сұрады. 

«Бишімбаевпен соңғы рет кешкі жеті жарымда сөйлескеннен кейін оның анасы Альмираға хабарластым. Оған: «Балаңыз бірдеңе бүлдірді. Олар қатты ұрысып қалған сияқты, барып біліңіз, дедім. Анасы жылап жіберді, мен тұтқаны қоя салдым», - деді көріпкел.

 

Серіктес жаңалықтары