702
Жаңбыр, жел: 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 24 сәуір, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігіне Оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Сондықтан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар.