Қазақстандық танымал блогердің үйі өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Өрттің нақты неден тұтанғаны белгісіз.

Қазақстандық танымал блогердің үйі өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Ел арасында Territima атымен танымал қазақстандық блогердің үйі отқа орана жаздады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Біз отырған бөлмеге сырттан "тарс" еткен дыбыс естілді. Әуелде балконда тұрған заттар құлаған болар деп мән бермедік. Сөйтсек, балаға алған жөргектің жанындағы поуербанк пен телефонның оригинал зарядкасы балқып, өрт шыққан. Үйде болғанымыз мұндай жақсы болар ма... Бұрын интернеттен өртенген қуаттағыштарды көргенде сенбеуші едім. Енді, міне, өз басымнан өтті", - деді блогер.