Таиланд пен Қазақстан визасыз режим туралы келісімге келді

Қазақстан мен Таиланд 30 күнге визасыз режим енгізді. Үкіметтің тиісті қаулысына 18 сәуірде қол қойылған.

Таиланд пен Қазақстан визасыз режим туралы келісімге келді
Pixabay
764

Таиланд қазақстандықтар үшін виза режимін алып тастады.

Бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін режим енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылады, – деп жазылған құжатта.

Екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен астам тұруға ниет білдірген адамдар сол тарап мемлекетінің заңнамасы мен ережелеріне сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуы керек екендігі атап өтілді.

Өткен жылдың қыркүйегінде Таиланд билігі пилоттық жоба аясында Қазақстан азаматтарын виза рәсімінен босатқан болатын. Биыл ақпан айында ол 31 тамызға дейін ұзартылды. Енді қазақстандықтар үшін визасыз режим уақыт шектеусіз жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары