Белгілі спортшы Шавкат Рахмонов төртінші мәрте әке атанды

Оның үлкен қызы алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ал ұлы екі жаста.

Белгілі спортшы Шавкат Рахмонов төртінші мәрте әке атанды
© Фото : UFC Russia

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов әке атанды, деп хабарлады turkystan.kz порталы tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Шавкат бұған дейінгі мәлімдемелерінің бірінде демалып жүргенін айтқан болаты.

"Қазір аздап тынығып жатырмын, жұмыстарымды бітіріп алайын. Келесі кездесу туралы - әзірге белгісіз. БАҚ-та түрлі дүние жаза береді. Камару Усман? Егер ыңғайы келсе, онымен де жекпе-жек болады. Титулды айқасқа шығып қалармын, сондай мүмкіндік бар. Не болатынын алдын ала ешкім білмейді. Мен - өз салмағымда UFC титулына үміткерлердің бірімін", - деген болатын спортшы.