«Мүмкін ақыретте кездесерміз»: Әлем чемпионы Жұман Жұмабеков әкесіне неге қол көтергенін айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында айтып берді.

«Мүмкін ақыретте кездесерміз»: Әлем чемпионы Жұман Жұмабеков әкесіне неге қол көтергенін айтты (ВИДЕО)
Фото: 5qbe
1536

Ережессіз жекпе-жектен әлем чемпионы Жұман Жұмабеков әкесіне қол көтергеніне өкінетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы қаласында пәтер жалдап тұрғанбыз. Үйдегілер туған күн тойлап жатты, сол кезде әкем арақ ішкен болатын. Бәріміз күліп-ойнап отырған сәтте әкем оянып кетіп, үлкен ағамды ұрып тастады. Мас болғаннан кейін есін білмейді ғой. Мен сол кезде әкеме қол көтеріп, қашып кеткенмін. Өйткені, сол сәтте ағама жаным ашып кетті. Сосын әкем қайтып ұйықтап қалды. Жалпы, мен ауылда оқыдым. Ата-анам Алматыда болды. Мектеп қабырғасында жүріп демалысқа келген кезімде мені анам мен бауырларым күтіп алды. «Папаң жұмыстан келіп, ұйықтап жатыр» деді. Ол ұйқыдан оянғанда «папа» деп барған едім, орнынан әрең тұрды. Сөйтсем сол кезде ауыра бастаған екен. Ауылда жүрген кезде «әкең қайтыс болды» деген суық хабар келді. Әкемнен кешірім сұрап үлгермедім. Бір өкінішім сол. Шыны керек, мен бұған сенген жоқпын. Табытын Алматыдан әкелген кезде көзім жетті. Көзі тірісінде кешірім сұрап үлгермедім. Жүрегімде қалған арманым сол. Мен бұдан арыла алмаймын. Алла нәсіп етсе, мүмкін ақыретте кездесерміз», — деді аралас жекпе-жек шебері. 

Серіктес жаңалықтары