Семейде 10 мың жанкүйерге арналған стадион салынады

Бүгінде соңғы эскиз бекітілді. ЖСҚ басталды, құрылыс жұмыстары биылғы қазан айында қолға алынады. Аяқталуы 2026 жылдың ақпанына жоспарланып отыр.

Семейде 10 мың жанкүйерге арналған стадион салынады

«Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа стадион спорттық жарыстарды өткізуге арналған арена ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы тұрғындардың жиі бас қосатын орындарының бірі болады. Ол жарыс кезінде көрермен мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологиялармен жабдықталады.

Жаңа стадион тек спорттық іс-шараларды өткізумен ғана шектелмейді. Бұл жерде концерттер, фестивальдар және көрмелер сияқты әртүрлі ойын-сауық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл аймақтағы туризм мен мәдени алмасуды дамытады. 

Осылайша, қазақ футболының отанындағы жаңа стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, спорттық іс-шаралар, ойын-сауық және мәдени іс-шаралардан ләззат алатын, азаматтардың қоғамдық байланыстары мен бірлігін нығайтатын орын болады.