Еліміздің солтүстік бөлігінде аяз болады — синоптиктер

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Еліміздің солтүстік бөлігінде аяз болады — синоптиктер
Сурет: aikyn.kz
782

Алдағы күндері республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz.

25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек апта басында ғана антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша екпінді жел, бұршақ күтіледі.

«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының басып кіруі әсерінен ауа температурасының түнде 1-8 градус аязға дейін, күндіз 3-13 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Орталықта түнде 0-5 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылы болады», делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары