1142
Ташкентте автобуста ұйықтап отырған жолаушының киімін шешпек болған тұрғын қамауға алынды
Ер адам өз кінәсін мойындамай, ізінше шу шығарған.
19 сәуір күні Ташкентте автобуста ұйықтап отырған жолаушының киімін шешкен тұрғын құрықталды, деп хабарлайды turkystan.kz UzNews-ке сілтеме жасап.
Оқиға былтыр қараша айында болған. Термез қаласынан Ташкентке бет алған автобуста ер адам ұйықтап жатқан әйелдің киімін шешпек болып, кеудесіне қолын тигізген.
Жолаушы әйел оянып, қарсылас көрсеткен. Алайда ер адам өз кінәсін мойындамай, ізінше шу шығарған.
Аталған іс бойынша сот отырысы 19 сәуір күні өтті. Тәртіп бұзушыны 183 (Бұзақылықтың жеңіл түрі) және 41 (Жәбірлеу) бабы бойынша 15 тәулікке қамады.