сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Шымкентте BMW көлігі жанып кетті

/
Видеодан алынған кадр
Өрт сөндірушілер қанша тырысқанымен, көлік түгел жанып кеткен

Капотының астынан жалын шыға бастаған көлік Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысына дейін жеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Рөлде келе жатқан әйел жанып жатқан көліктен шығып үлгерген. Оқиға куәгерлері өрт сөндірушілерді шақырған.

Құрамында 12 адам мен 2 техникадан тұратын өрт сөндіру бөлімшелері келіп, отты сөндірді, - делінген Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Алайда өрт сөндірушілер қанша тырысқанымен, көлік түгел жанып кеткен.

Бөлісу: