Шымкентте скутер мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Апат кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ

Шымкентте скутер мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Ашық дереккөз

Шымкентте автобуспен соқтығысқан скутер жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 16:30-да Гагарин көшесінде болды. Шамамен 50 жастағы скутер жүргізушісі рульдің істен шығуына байланысты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін бірден шақырған. Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмектесе алмады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Апат кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ.