Бразилия тұрғыны қайтыс болған ағасын банкке алып барған

Полиция бұл оқиғаны тергеп жатыр

Бразилия тұрғыны қайтыс болған ағасын банкке алып барған
РИА Новости / Рамиль Ситдиков
901

Бразилия тұрғыны марқұм ағасының атына несие алуға тырысқан, деп жазады turkystan.kz ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Полиция бұл оқиғаны тергеп жатыр.

Басылымның мәліметінше, әйел банкке 68 жастағы мүгедектер арбасындағы ер адамның денесін әкеліп, 3,2 мың доллардан асатын сомада несие алуға тырысқан.

Банк қызметкерлері арбадағы ер адамның реакциясының жоқтығына назар аударып, оған жедел жәрдем шақырады. Содан кейін оқиға орнына полиция да шақырылып, әйел ұсталды. Оған алаяқтық және "денені қорлады" деп айып тағылып отыр.

Серіктес жаңалықтары