948
56 вагон, 15 фура: Тәжікстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Түркістанға жетті
Іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысты
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, сондай-ақ 15 фура гуманитарлық көмек келді, деп хабарлады turkystan.kz.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары тиелген вагондар Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына жетті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министрі Батырбек Абдышев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан Республикасының өкілдерін күтіп алды.
Сонымен қатар аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, қиын қыстау кезде көмек беріп, қолдау білдірген Тәжікстан халқына алғыс айтты.