Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» орталығында болды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды.

Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» орталығында болды

Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.

Орталыққа барған сапарында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.