Елордада жылу беру маусымы аяқталды

Бүгін Астанада ауа райы 23 градус жылы болып тұр.

Елордада жылу беру маусымы аяқталды
oinfo.ru

Астанада жылыту маусымын 19 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы turkystan.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Ауа райының қолайлы жағдайларының белгіленуіне байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.