«Өртеп жіберуге тырысқан»: Ақтауда пәтерден әйелдің денесі табылды

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды

«Өртеп жіберуге тырысқан»: Ақтауда пәтерден әйелдің денесі табылды
ehonews.kz
663

Ақтауда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жанып жатқан пәтерден әйелдің денесін тапты. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, қайтыс болған адамның аты Парахат болған. 1972 жылы туған әйел тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілерінің пікірінше, әйелмен бірге тұрған адам ұсталған.

«Бәріміз таңғы сағат 5.10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келген еді. Құтқарушыларды көршілер шақырды. Менің білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабатта ұстады», - дейді марқұмның көршілерінің бірі.

Тұрғындарының айтуынша, әйелді пышақтап, содан кейін пәтерді өртеуге тырысқан.

«Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Өте қорқынышты», - деді көршілердің бірі.

Полиция департаменті өкілі жағдайды түсіндірді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

 



 

Серіктес жаңалықтары