Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап кеткен

Елімізде балалардың тұрғын үй терезелерінен құлап кеткен оқиғалары жиілеп барады.

Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап кеткен
686

Соңғы үш күнде Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

13 сәуірде Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің үшінші қабаттағы терезесінен үш жасар қыз құлаған. Жазатайым оқиға Мәметова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз болған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Тура осындай жағдай бүгін, яғни, 15 сәуірде де болды. Екі жасар бала Аманжолов көшесіндегі үйдің үшінші қабаттағы терезесінен құлап кеткен. Оның жағдайы "тұрақты қалыптағы ауыр деңгей" деп бағаланады.

 

Серіктес жаңалықтары